Alexander Vasiljev-Muller Dr.econ(PhD)

Blog

Главная » 2013 » Май » 3 » МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФОРСАЙТ - Молдиркоз Оспанова- 6/05/2013
МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФОРСАЙТ - Молдиркоз Оспанова- 6/05/2013
2:37 PM

МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФОРСАЙТТЫҢ БАСТЫ ПРИНЦИПТЕРІ:

 ЖАҢАРТЫЛМАЙТЫН РЕСУРСТАРДЫ МЕЙЛІНШЕ АЗ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚТЫ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ.

БОЛАШАҚ КӨПНҰСҚАЛЫ (БІРАҚ ҚОЛАЙЛЫ НҰСҚАЛАРДЫҢ САНЫ ШЕКТЕУЛІ) –ОЛ ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНЫҢ БІРЛЕСІП ҚАБЫЛДАҒАН ШЕШІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ.

БОЛЖАУҒА БОЛАТЫН АЙМАҚТАР БОЛҒАНЫМЕН,БІЗДІҢ ӘРЕКЕТІМІЗДІ АЛДЫН АЛА БОЛЖАУ ҚИЫН.ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЛЫҚТАРЫН БЕЛГІЛІ БІР ДӘРЕЖЕДЕ ҒАНА АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ.

ЖАҢА ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БОЛАШАҚТАҒЫ ЖАҒДАЙЫН БӘСЕКЕЛЕС НАРЫҚТА ТИЯНАҚТЫ ЖҰМЫС ЖАСАУ АРҚЫЛЫ  БОЛЖАУҒА БОЛАДЫ.

МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФОРСАЙТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР

МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФОРСАЙТ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ  ШЫНАЙЫ МАРКЕТИНГ ДАЙЫНДЫҒЫМЕН БӘСЕКЕЛЕС НАРЫҚТА ЖАҢА ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН ШЫҒАРУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРДЫ АНЫҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН. РЕФЕРЕНТТІК ТОПТАРДЫҢ САРАПТАМА БАҒАЛАРЫ ОНЫ ӨТКІЗУДІҢ НЕГІЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.ЕГЕР ӘР ФОРСАЙТТЫҚ ЖОБАДА АЛУАН ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІҢ ТОПТАМАСЫ,ЯҒНИ САРАПТАМАЛЫҚ ЖИНАҚТАМАЛАР,ДЕЛЬФИ ӘДІСІ,СВОТ-ТАЛДАУ,МИ ШАБУЫЛЫ,ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛ КАРТАЛАРЫ,ӨЗАРА ЫҚПАЛДЫҢ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ Т.Б. ӘДІСТЕР КЕЗДЕСЕТІН БОЛСА,ОНДА МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФОРСАЙТТЫ МИ ШАБУЫЛЫНЫҢ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНҒАН (ЖАҢАРТЫЛҒАН) ӘДІСТЕМЕСІ АРҚЫЛЫ ҚҰРҒАН ЖӨН. МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФОРСАЙТТЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ  ЖАПОНИЯ МЕН КОРЕЯДА КЕНІНЕН ҚОЛДАНЫЛАДЫ. ДЕРЕКТЕРГЕ СҮЙЕНЕТІН БОЛСАҚ,ЖАПОНИЯДАҒЫ ФОРСАЙТ ЖОБАСЫНА 2000, АЛ КОРЕЯДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫҢ БІРІНЕ 10.000-НАН АСТАМ САРАПШЫЛАР ҚАТЫСҚАН БОЛАТЫН.БІРАҚ ТӘЖІРИБЕДЕ БӘСЕКЕЛЕС НАРЫҚТАРДАҒЫ  ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ РЕФЕРЕНТТІК ТОПТАРЫН НАҚТЫ,ЯҒНИ ДӘЛ ТАНДАУ КЕРЕК.ОЛАР ТЕКСЕРІЛГЕН ЖӘНЕ  ТИІМДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ФОРСАЙТТЫҢ БАРЛЫҚ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛУЫ ТИІС.АЛАЙДА ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ ОНЫ ӘЛІ ЕШКІМ ДЕ,ЕШКАЙ ЖЕРДЕ  ДЕ ОРЫНДАҒАН ЖОҚ.

ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ЖЕКЕ ФИРМАЛАРДЫҢ  ҒАНА ЕМЕС,ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАРЛЫҚ САЛАЛАРЫНДА ҚОЛАЙЛЫ ИМИДЖДІ ҚҰРУ ҮШІН ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ УӘЖДЕМЕЛІК ФОРСАЙТТЫ ҚОЛДАНУ КЕРЕКТІГІ ЖАЙЛЫ.ОСЫ ФОРСАЙТТЫҢ КӨМЕГІМЕН ЕВРООДАҚ ЕЛДЕРІНЕН,АҚШТАН ЖӘНЕ ЖАПОНИЯДАН ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАР АЛУ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ.

СӨЗ ТҮЙІНІНЕ КЕЛЕТІН БОЛСАҚ...АЛДАҒЫ 100-200 ЖЫЛДА НЕ БОЛАТЫНЫН ТЕК ФАНТАСТАР ҒАНА АЙТЫП БЕРЕ АЛА­ТЫН ШЫҒАР. АЛ ҒЫЛЫМ АДАМДАРЫ ҚАТАҢ ҚАҒИДАЛАРҒА БАҒЫНАДЫ. АРЫ КЕТКЕНДЕ  БІЗ ФОРСАЙТИНГ ӘДІСТЕРІНЕ ЖҮГІНЕТІН БОЛАМЫЗ. БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАТЫНДЫҚТАН, БҮГІНГІ ЕККЕН САБАҚТАН ЕРТЕҢ ҚАНДАЙ ГҮЛ ӨСІП ШЫҒАТЫНЫН КӨРУГЕ БОЛАДЫ. АЛ КЕЛЕШЕКТЕГІ ӨЗІМІЗДІҢ БЕТ-БЕДЕРІМІЗДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, БҰЛ – ЖАҺАНДАНУДЫҢ ҚИЫН ШАРТТАРЫНДА САҚТАП ӘРІ ҚОРҒАП ҚАЛАРЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫМЫЗ БЕН ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ БОЛМАҚ. ОЛ ҮШІН БІЗ БІРНЕШЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БАСЫН ҚАЙЫРУЫМЫЗ ҚАЖЕТ. АТАП АЙТСАҚ, ДАМУ­ДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛЫНДА ТҰРУ БАРЫСЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТАРТЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ӨЗІМІЗ ДЕ ӨНДІРУДІ ҮЙ­РЕ­НУІМІЗ ҚАЖЕТ. МҰНСЫЗ БІЗ АЛЫСҚА БАРА АЛМАЙМЫЗ.

Просмотров: 1416 | Добавил: Vasiljev | Теги: Молдиркоз Оспанова, МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФОРСАЙТ | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Приветствую Вас Гость